Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2019

Шымкентте қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу митингісі өтті

0
31 мамырда Шымкенттегі Қасірет мемориалында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу митингісі өтіп, шараға жүздеген адам қатысты. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың келген жиынға жұрт таңғы 8.00-ден жинала бастады. Келіп-кетіп жатқандарды полиция бақылап тұрды.


Әкім бастаған топ Қасірет мемориалындағы "Ана мен бала" ескерткішіне гүл қойды. Сахналық қойылымнан соң сөз алған Әбдірахымов "[Қуғын-сүргін құрбандары] қазақ халқы үшін құрбан болды. Конституция бойынша, басты қазынамыз - адамның өмірі, құқығы және еркіндігі" деді. Құрбандарды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздіктен соң митинг аяқталды.


Жарты сағатқа созылған митингіге келушілердің басым бөлігі мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері екені байқалды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиынға қатысқандар митингі аяқталған соң қай мектептен кімнің келіп-келмегені жазылатын тізімге белгіленген. Тізім жасап жатқандар "қайта беріңіздер" деген соң мұғалімдер тарады.


Шараға келген кейбір тұрғындар құрбан болғандарға құран оқылмағанына қынжылды. "Өлілерге құран тиеді. Сонша адам жиналды. "Аумин" дегеніміз жарасатын еді. Бұл - музей емес, 16 мың адамның сүйегі жатқан жер" дейді желтоқсаншы Бақытжан Жасұзақұлы.


Қазақстандағы қазіргі саяси еркіндік туралы пікірін айтқандар да бар. Мұғалімдер құқығын қорғаумен айналысатын "Зияткер-Ұстаз" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмір Шыныбекұлы "Тоқсаныншы жылдардың басындағы еркіндікті көрдім. Қалаған адам пікірін көшеге шығып еркін айтатын еді. Қазір таза плакат алып шыққан адамдарды, әйелдерді полиция сүйреп жатыр. Бұл - сөз бостандығына шектеу салу" дейді ол.




Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мамырдың 31-і күні атап өтіледі. Тарихшылардың зерттеуінше, 1931-1933 жылдары қазақ даласында болған ашаршылық салдарынан екі миллионға дейін адам құрбан болып, сталиндік репрессия жылдарында кем дегенде 22 мың адам атылған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net