Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2019

Түркістанда екі бірдей ана үшемдерді дүниеге әкелді

0

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев үшем босанған екі ананы өзі барып перзентханадан шығарды, - деп хабарлайды "Отырар". Бір айдың ішінде екі үшемнің өмірге келуі облыс орталығында алғаш рет тіркеліп отыр.

Түркістан облыстық №3 перинаталдық орталықта босанған Динара Нарханова үш ұлды өмірге әкелді. 1 мамырда мерзімінен ерте босанған 27 жастағы келіншектің нәрестелері 1 820, 1800, 1730 грамм болған. Дәрігерлер алғашқы кезде шараналардың жағдайы ауыр болғанын айтады. Оларды жасанды тыныстану аппаратына қосып, бір ай көлемінде денсаулықтарына ерекше күтім жасаған. Қазір жағдайлары жақсарып, салмақтары екі келіден асқан. Жасанды ұрықтандыру жолымен жүкті болған келіншек балаларының есімін Икрам, Ислам және Имран қойыпты. Бұған дейін бір қызы бар жанұя әп-сәтте көпбалалы бола түсті. 

Ал, екінші үшемдерді босанған Сайера Туклиева - 29 жаста. Бірлік ауылында тұратын келіншек 27 мамырда босанған. Кесарь тілігі арқылы екі қыз бен бір ұлды өмірге әкелген жас ананың үйінде тағы үш перзенті бар. Нәрестелері де айы күніне толып, бүгін өз үйлеріне жіберілді.

"Үшемдерге жүкті екенімді бесінші аптада білдім. Үй-ішімізбен қуандық. Бастапқы жүктілік кезінде біраз қиналған кездерім болды. Бірақ ерекше күтім жасап, дәрігерлердің айтқанын тыңдадым. Перзенттерімді аман-есен босанып алдым. Дәрігерлерге алғыс айтқым келеді, бізге жақсы ем-дом жасап, жақсы қарады. Есімдерін Фатима, Исмайл, Зухра деп қойдық. Осылайша өмірге үш перзент әкеліп, батыр ана атандым. Алла тағалама осындай перзенттер бергені үшін ризамын", - дейді Сайера Туклиева.

Бүгін қос ана мен нәрестелеріне облыстық әкімдіктің атынан сый-сыяпаттар жасалды. Әр нәрестеге араба мен керуеттер, киім-кешектер мен ойыншықтар табыстады. Өз кезегінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев сәбилердің алдағы уақытта да ерекше күтімге алынатынын айтады.

"Қазіргі таңда нәрестелердің барлығының жағдайы жақсы. Бастапқы кезде салмақтары аздау болғандықтан, оларды дәрігерлер қарауларына алды. Медициналық күтім жасап, бүгін үйлеріне жақсы жағдайда шығарып жатырмыз. Бұдан былай әр отбасына медибике бөлінетін болады. Осы үшемдердің жағдайын қарап, бақылауда ұстап отыратын боламыз", - деді Мұқан Егізбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде үш үшем дүниеге келген. Екі ана Түркістан қаласында, тағы бір ана Шымкент қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта босанған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net