Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2019

Букмекерлік кеңселерді жаба алмаймыз, бірақ олар құқықтық алаңда жұмыс істеуі тиіс - Ноғаев 

0
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құқық қорғау органдарын цифрландыру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақановтың айтуынша, цифрландыру, қылмыстық істерді электронды түрде тіркеу жұмыстары әлі де жетілдіруді қажет етеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 
2017 жылы облыстық бюджеттен полиция департаментін, бөлімшелерді қажет техникамен жабдықтауға 406 млн теңге бөлінген. 262 компьютер сатып алынды.
"Тіркелген істердің 27,3 пайыз ғана электронды түрде жүргізіледі. Бұл төмен көрсеткіш", - деп атап өтті Бауыржан Жұмақанов.
Электронды түрде тіркеліп, кейін қағаз үлгіге ауыстырылатын деректер де бар. Бұл көбіне ашылмаған қылмыстарға қатысты.
Атырау облысының прокуроры Халидолла Дәуешовтің айтуынша, электронды үлгіге ауыстырылған қылмыстық істердің көрсеткіші төмен.
"Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарында электронды жүйедегі істер қатары аз. Ақмола облысында техникамен қамтылу 3 пайыз, Ақтөбеде - 30 пайыз болса, бізде - 75 пайыз. Барлық қажетті техникамен қамтылғансыздар, бәрі жаңа, бірақ дұрыс пайдаланылмайды. Себебі неде? Бюджеттен 406 млн теңге бөлінген, бірде бір облыста мұндай қаражат қаралмайды, бұл әкімдік тарапынан үлкен қолдау, алайда, көріп отырғанымыздай полициялар мүмкіндікті пайдаланбайды", - деді облыс прокуроры.


"Бұл полиция департаментіне ғана айтылған сын емес, атқарушы органдарға да қатысты. Бүгін прокуратура полицияны сынайды, миллиондаған қаржыны алып отырып, мүмкіндікті пайдаланбады деп. Ертең есеп комиссиясы егер жұмыс жүрмесе, неге осынша қаражат бөлетінімізді сұрауы мүмкін. Бұл қаржыны неге мысалы басқа әлеуметтік нысандарға бөлмейміз? Сонда не деп жауап береміз? Бұл сұрақ бәрімізге қатысты", - деді Нұрлан Ноғаев.
Бұл ретте жағдайдың нақты себебін анықтау маңызды. Пікірталаста отырысқа қатысушылар полицияның осы бағыттағы жұмысының көңілден шықпауына кадр жоқтығы басты себеп деген қортындыға келді.
Жиында, сондай-ақ, жергілікті полиция басшысы Әлібек Қайыровтың баяндамасы тыңдалды. Қылмыстың көбейгені туралы деректер болғанмен, жалпы жағдай тұрақты. Облыс әкімі атқарушы билік құқық қорғау органдары дұрыс жұмыс істеу үшін барлық қажет жағдайды жасап отырғанын атап өтті.
"Жергілікті тұрғындар проблема бола қалса, алдымен учаскелік полицияға және әкімдік өкілдеріне хабарласады. Біз учаскелік полиция қызметкерлерін тұрғын үймен қамтып отырмыз, учаскелік полиция бөлімшелері салынуда. Бұл өз кезегінде қылмыс санын азайтуға мүмкіндік береді. Фото, бейне тіркеу жобасын жүзеге асырудамыз. Жыл соңына дейін бейнебақылау камераларының санын 1,5 мың бірлікке жеткіземіз. Сіздердің тараптарыңыздан да жұмыс пен нәтиже керек", - деді Нұрлан Ноғаев.


Облыс әкімі отбасыларды талқандап, адамдарды банкроттыққа дейін әкеліп жатқан букмекерлік кеңселердің жұмысына полицияның назарын аударды.
"Букмекерлік кеңселердің жұмысына қатысты шағымдар көп. Адамдар бір күнде бар жиған-терген ақшаларын шашып кетеді. Олар заңды жұмыс істейді дейді, бірақ заңсыз казинолар мен осындай орындардың бары рас. Біріккен рейд жүргізіп, заңсыз әрекеттерді анықтау қажет. Мұның бәрі түптеп келгенде қоғамдық қауіпсіздікке әсер етеді. Бұл кәсіпкерлік қызмет, жұмыстарына араласуға ниетті емеспіз, бірақ олар да құқықтық алаң шеңберінде жұмыс істеулері тиіс", - деп түйіндеді облыс басшысы.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net