Елбасы: Назарбаев университеті - тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада оқуын аяқтап жатқан Назарбаев университетінің бесінші түлектер легі мен еліміздің барлық ЖОО түлектерін оқуды бітіруімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
