Қырғызстанда "су қоймасын Өзбекстанға береді" деп қауіптенген жүздеген адам наразылыққа шықты
29 қыркүйекте Қырғызстанның Үзген ауданында жүздеген адам наразылыққа шықты. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға береді деп қауіптенген наразылар президент пен парламенттен екі ел арасында жасалған соңғы хаттаманы түсіндіруді талап еткен. 26 қыркүйекте Қырғызстан мен Өзбекстан үкімет делегациясы қырғыз-өзбек шекарасына делимитация және демаркация жүргізу бойынша хаттамаға қол қойған. Бұл құжат шекараның жекелеген бөліктері бойынша жаңа келісім жобасын мақұлдау процедурасын бастауға мүмкіндік береді. Читать дальше...
