«Тақтар таласының» соңғы маусымын 18 млн адам көрген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпароат - Game of Thrones жанкүйерлері сценаристерге көңілі толмағандарын айтып, сегізінші маусымды қайта түсіруді талап етіп петиция жариялады. change.org сайтында жарияланған петицияға бірнеше күнде миллионға жуық адам қол қойған, деп жазады tellerreport.com.