Мексикада белгісіз топ түрме бақылаушылары мінген автобусқа оқ жаудырған, 4 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексикада белгісіз біреулер жұма күні федеральдық түрме бақылаушылары мінген автобусқа оқ жаудырды. Морелос штатындағы Пуэнте-де-Истла ауданында болған бұл шабуыл салдарынан төрт адам қаза тауып, кем дегенде екеуі жараланды, деп хабарлайды Quadratin жаңалықтар агенттігі.