Добавить новость
123ru.net
World News
Февраль
2019

AI: Қазақстан "шетелдік агенттер" туралы Ресей заңын үлгі ретінде алған

0
Ресейде 2012 жылы күшіне енген "шетелдік агенттер" туралы заңды СССР-ға мүше болған және болмаған елдер үлгі ретінде алып, өздерінде жариялаған. Бұл туралы Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының "Қысым құрaлына айналған заң: азаматтық қоғам ұйымдарына шабуыл" атты баяндамасында жазылған.


"Шетелдік агенттер" туралы заңды көшіріп, өздерінде бар заңдарға 2013-2017 жылдары өзгерістер мен толықтырулар ретінде енгізген" мемлекеттер қатарында Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Тәжікстан, Беларусь пен Украина да аталады.


Есептің Қазақстан туралы бөлігінде 2015 жылы күшіне енген "Үкіметтік емес ұйымдар қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы аталады. Құқық қорғау ұйымы бұл заңдағы талаптарды "үкіметтік емес ұйымдарға ауыр" деп бағалаған.  


Ұйым жазуынша, заң күшіне енген соң Қазақстандағы 57 үкіметтік емес ұйым билікке қызметі мен қызметкерлері, табысы мен демеушілері жайлы ақпарат беруге мәжбүр болған.  


Есепте "талапты орындамаған ұйымдарға айыппұл салынынады не қызметі уақытша тоқтатылады" деп жазылған. Amnesty International мысал ретінде 2016 жылы салық қызметі бес ай бойы тексеріп, айыппұл салған "Халықаралық құқықтық бастама" ұйымын келтірген.


Билік 2016 жылы бірнеше құқық қорғау ұйымын тексеріп, "Либерти" ұйымына – 2,5 миллион теңге, ал "Халықаралық құқықтық бастама" ұйымына 1,3 миллион теңге айыппұл мен корпоративті табыс салығын салған. 


Айыппұл салынған құқық қорғаушылар оны "ұйымымызды жоюды көздеген саяси тапсырыс" деп атаған. Ал Human Rights Watch ұйымы "Астана құқық қорғау ұйымдарына салықты сылтауратып тиісіп отыр" деп мәлімдеген. 


2018 жылы наурызда Қазақстан Жоғарғы соты 7 наурызда "Халықаралық құқықтық бастама" қоғамдық қорының шағымын қанағаттандырып, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментін қордан өндіріліп алынған қаржы мен салық төлемдерін қайтарып беруге міндеттеген. Осылайша, Жоғарғы сот қоғамдық қорға қатысты алдыңғы сот шешімдері мен салық тексеруінің актісін жойды.


Оқи отырыңыз: Шетел грантын алушыларды салық төлеуге міндеттеді


Ұйымның жазуынша, үкіметтік емес ұйымдарды, әсіресе адам құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдар жұмысын шектеу "жаһандық мәселеге" айналған. Есепте "соңғы екі жылда бірнеше елде тәуелсіз ұйымдардың жұмысына кедергі болатын 40-қа тарта нормативтік акт қабылданған не қаралған" деп жазылған.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net