Түркістанның Мақтаарал ауданында асфальт-бетон зауыты іске қосылды
![Түркістанның Мақтаарал ауданында асфальт-бетон зауыты іске қосылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20181229183147.jpg)
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Мақтаарал ауданында индустриалдық аймақ пен логистикалық орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңда Германиядан әкелінген технологиямен «Soldatos» ЖШС-ның асфальт-бетон зауыты өз жұмысын бастады. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.