Добавить новость
123ru.net
World News
Октябрь
2018

Трамп: АҚШ Ресеймен жасасқан зымыран келісімінен шығуға бейіл

0
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Ресеймен орта және шағын қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы жасасқан келісімнен шығуға бейіл екені туралы мәлімдеді. Трамп Ресей келісім шарттарын бұзды деді, бірақ егжей-тегжейін ашып айтпады.


Америка мен СССР арасында орта және шағын қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы 1987 жылы жасалған келісім АҚШ пен Ресейге 300-ден 3400 миль қашықтыққа дейін жерден ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарды шығаруға, сынақтан өткізуге және сақтауға тыйым салады.


Бұған дейін Ақ үй 1987 жылы СССР басшысы Михаил Горбачев пен АҚШ президенті Рональд Рейган Вашингтондағы саммитте қол қойған орта және шағын қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы келісімнен шығатыны туралы жақында Мәскеуді хабардар етпекші деген ақпарат тараған.




Америкалық басылымдар Ақ үйдегі дерек көздеріне сілтеме жасап, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон алдағы аптаның басында Мәскеуге сапары кезінде АҚШ-тың шешімін Ресей президенті Владимир Путинге жеткізбекші деп хабарлаған.


Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ билігі Ресей Еуропада ядролық оқтұмсық жеткізе алатын шағын зымырандарын орналастыруды бастап, келісімді бұзды деп санайды.


Екі апта бұрын НАТО елдері қорғаныс министрлерімен кездесу кезінде Пентагон басшысы Джим Мэттис Ресейдің қылығын қабылдауға болмайды деп мәлімдеген. Ол егер Мәскеу бұл бетінен қайтпаса, онда Вашингтон ресейлік жаңа зымырандарға қарсы тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болады деп ескерткен. Бұған қоса АҚШ-ты орта жәна шағын қашықтыққа ұшатын зымырандар құрастыра алатын Қытайдың белсенділігі де алаңдатып отыр.


Төрт жыл бұрын АҚШ Ресейді орта жәна шағын қашықтыққа ұшатын зымырандар туралы келісімге қайшы іс-қимылдарға барып отырғаны туралы алғаш рет ресми түрде ескерткен. Бұл келісімнен шығу мүмкіндігі туралы мәселе АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың тұсында да қарастырылған. Бірақ ол кезде АҚШ Германияның қарсылығынан кейін және келісімнен шығу жанталаса қарулану заманын қайта жаңғыртуы мүмкін деген қауіппен ондай қадамнан бас тартқан.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net