Лаоста бөгет жарылып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалды
Су электр станциясындағы апаттан бірнеше елді мекенді су басып қалды. Алты мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Кейбір тұрғындар үйлерінің шатырына шығып үлгерген, құтқару қызметі оларды эвакуациялап жатыр. Апат болған аймаққа Лаос премьер-министрі барды.
Қоршаған ортаны қорғаушылар бұған дейін талай рет Лаостағы су электр станцияларына қатысты алаңдаушылық танытқан. Экологтар бұл елдегі бөгеттердің қауіпті екенін және олардың жергілікті өзен-көлдер фаунасына кері әсері барын айтады.
