Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2018

БАҚ: Израиль Ресейдің Иранға қатысты ұсынысын қабылдамады

0
Ресей Вашингтон және Тель-Авивпен жасасқан Израиль қауіпсіздігіне кепілдік беру жөніндегі келісімге сай, Сириядағы ираншыл күштерді Израильмен шекарадан 100 километр қашық орналастыруды ұсынды.


Израильдік және батыстық БАҚ-тың Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған делегация аталған ұсынысты 23 шілде күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуінде айтқан.


Нетаньяху бұл жолы да Иран әскері мен олардың одақтастары Сирия жерінен ұзақ уақытқа әкетілсін деген талап қойған. Ол сонымен қатар Иран бұл елден барлық алыс қашыққа ұшатын зымырандары мен әуе-қорғанысы кешендерін шығаруды талап еткен.


Бірақ Израиль БАҚ-ы Нетаньяхудың Ресей ұсынысын қабылдағаны, я бас тартқаны туралы хабарламады.


Reuters агенттігінің Израиль шенеунігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Лавров Ресей өз ұсынысына адал болатынын айтқанымен, Нетаньяху оған "Біз ирандықтардың шекарамыздан тіпті 100 километр қашықта шоғырлануына жол бермейміз. Себебі Иранның Сирияда тұрып атса Израильге жететін зымырандары бар" деген.


Reuters Израиль бұған дейін Ресейдің Иран күштерін Израильмен шекарадан 80 километр қашықта орналастыру туралы ұсынысын да қабыл алмағанын хабарлады.


Ресей билігі өкілдері Нетаньяхудің Лавровпен және Ресей қарулы күштерінің қолбасшысы, генерал Валерий Герасимовпен кездесуіне қатысты әзірге комментарий бермеді.


Кездесу қарсаңында Нетаньяху Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трампқа Хельсинкидегі саммитте Изравильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірге жұмыс істеу жөнінде келісімге келгеніне алғыс білдірген.




Израиль мен АҚШ Ресейді Иранның Сириядағы ықпалын азайтуға шақырып келеді. Бірақ Мәскеу Сирия мен Иран арасындағы қарым-қатынасқа араласа алмайтынын айтып, Иранды Сирия аумағынан толықтай шығады деу қисынсыз болатынын мәлімдеді.


Ресей Сириядағы қақтығысқа 2015 жылы президент Башар Асадты қолдап киліккен. Бірақ Иран Сирия басшысына соғыс басталған 2011 жылдан бері қолдау көрсетіп келеді.


Иран басшылары бұған дейін ираншыл күштер Сириядан Башар Асадтың тілегі бойынша ғана кететінін мәлімдеген.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net