Грекияда орман өртінен 24 адам қаза тапты
Өрт сөндірушілер жаралылардың кейбірінің халі ауыр болғандықтан, құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтады.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас өртке байланысты Босния-Герцеговинаға сапарын тоқтатты. Ол елдің басқа аймақтарындағы құтқару қызметін өртке жұмылдыруға пәрмен беріп, Еуропа Одағы мен әскерилерден өртті сөндіруге көмек сұрады.
Афинаның шығысындағы өрттен Мати елді мекені демде өртеіп кетті. Ал портты Рафина қаласында өрт қаланың шетінен орталығына қарай ауып барады. Жүздеген тұрғын үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды.
Қатты ыстық пен жел Афинадан батысқа қарай орналасқан, туристер көп келетін Кинетан қаласына жақын жерде өрт шықты. Өрт түтіні 40 километр қашықтан байқалады. Аймақ орманды болып келеді және демалыс үйлері көп салынған.
Грекияда 2007 жылдан бері мұндай ауқымды орман және дала өрті болмаған. Сол жылы Пелопоннес түбегінде болған өрттен ондаған адам қаза тапқан.
