Қазақстан темір жолының төбелескен басшылары жұмыстан кетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздың теміржол вокзалының басшысы мен оның орынбасарының жұмыс орнындағы жаға жыртысы үлкен дауға ұласты. Белгілі болғандай төбелестің видеосы әлеуметтік желіге тарағаннан кейін мекеме бастығы жұмысынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Jambyl» телеарнасына сілтеме жасап.
