Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттерін үшінші тұлғаларға сатуға рұқсат берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингтінің еншілес ұйымы) салымшылары өз депозиттерін басқаларға сата алады. Бұл онлайн-табыстау жаңа қызметін іске қосу арқылы қолжетімді болды және «ТҚЖБ 24» интернет-банкингіне енгізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
