Мамин Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында инфрақұрылымдық жобалармен танысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалармен, Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XV форумына және Каспиймаңы мемлекеттері басшыларының V саммитін өткізуге дайындық мәселелерімен танысты.
