Маңғыстауда жарылыстан зардап шеккен 2 мұнайшы Астана мен Мәскеуде көз жұмды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы кен орнында болған жарылыстан зардап шеккен 3 мұнайшының біреуі әлі ауыр халде. Ол Астана қаласының №1 ауруханасында жатыр. Ал, қалған 2 мұнайшы 26 мамыр күні қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
