Мамин СҚО және Маңғыстау облысындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен, Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XV форумына және Каспий маңы мемлекеттері басшыларының V саммитін өткізуге дайындық мәселелерімен танысты.
