Мемқызметшілер Сингапурдың экономиканы әртараптандыру тәжірибесін зерделеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен мемлекеттік қызметкерлер үшін өзгерістерді басқару, экономиканы әртараптандыру және инвестицияларды ынталандыру бойынша екі күндік семинар басталды. Семинарды Сингапурдағы Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Лим Сионг Гуан мырза өткізуде. Ол бұрын Сингапурдың Мемлекеттік қызмет агенттігінің басшысы, Экономикалық даму жөніндегі Кеңестің төрағасы, Сингапурдың GIC Дербес әл-ауқат қоры тобының президенті қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
