Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2018

Бішкек соты Мұратбек Тұңғышбаевты қамауда қалдырды

0
Мамырдың 28-і күні Бішкек қалалық соты қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты екі айға қамау туралы Первомай аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Нұрбек Тоқтақунов хабарлады.


Адвокаттың пікірінше, "сот қорғау тарабы келтірген дәйектердің ешқайсысын ескермей, біржақты шешім шығарған".


 - Сот келтірген дәйектеріміздің ешқайсысын ескерген жоқ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі 266-баптың (Қазақстанда Тұңғышбаевтың үстінен осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалған - ред.) Қырғызстан заңында баламасы жоқ. Кишинев конвенциясы, өзге де халықаралық келісімдерге сәйкес, мұндай кезде азаматтарды өзге елге бермейді. Ал егер берілмесе, онда қамауға да алуға болмайды. Осы сияқты дәлелдердің ешқайсысы сотта ескерілмеді. Сот тек бұларды айналып өтті, - дейді Нұрбек Тоқтақунов Азаттық тілшісіне.


Оның айтуынша, Қырғызстан қол қойған халықаралық келісімдер әділетсіз сот немесе азаптау фактілері кездесетін елдерге азаматтарды беруге немесе экстрадициялауға тыйым салады. "Бұл тұрғыда келтірілген дәйектер де ескерілмеді" дейді адвокат. 


Соттан қазақстандық құқық қорғаушы Ғалым Агелеуов тікелей эфирде хабар таратты. Сот барысында темір тор ішінде отырған Мұратбек Тұңғышбаев тікелей эфирді көріп отырғандарға "өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істің саяси астары барын" айтты. 




24 мамырда Қырғызстан бас прокуратурасы қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстан билігіне тапсыру туралы шешім шығарған.


Бас прокуратура қаулысында Қазақстанда белсендінің үстінен "қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру" (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 266-бабы 1-бөлімі) және "экстремистік ұйым құру және оның қызметіне қатысу" (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 405-бабы, 1-бөлімі) бойынша айыптар тағылып отырғаны жазылған. Қаулыда сонымен бірге оның ұсталуында "саяси астары жоқ" екені және оның азаптауға ұшырамайтыны туралы да айтылған.


Адвокат Нұрбек Тоқтақунов Қырғызстан бас прокуратурасының бұл шешіміне байланысты аппеляциялық шағымды осы аптада сотқа түсіретінін айтты.


Қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қырғызстанның арнайы қызмет өкілдері мамырдың 10-ы күні Бішкекте тұрып жатқан жерінде ұстаған. Келесі күні Бішкектің Первомай аудандық соты оны екі айға қамау туралы шешім шығарған.


Туыстарының пікірінше, Қазақстан билігі оны елде заңмен тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысын қолдағаны үшін қуғындап отыр.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net