Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2018

Шымкентте туыстары сотталушының "азапталғанын" мәлімдеді

0
Мамырдың 28-інде Шымкентте "терроризм" айыбымен бес жылға сотталған Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Рафхат Агаевтың туыстары оның "кінәсіз" екенін және ұсталған кезде "соққыға жығылып, азапталғанын" мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.


Ақпанның 15-інде Сарыағаш аудандық соты 43 жастағы Рафхат Агаевті Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бабы және "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып терроризмді насихаттау" бабымен айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кескен. Бүгін Рафхат Агаевтың анасы Нурия Агаева мен әйелі Нилюфар Агаева баспасөз мәслихатын өткізді.


Нурия Агаеваның айтуынша, алты баласы бар Рафхат Агаевқа жала жабылған. "2017 жылдың 14-тамызында ондаған адам келіп, баламды алып кетті. Қамауға алу туралы санкция берілгенге дейін Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Сарыағаш ауданындағы бөлімшесінде баламды ұрып, азаптап, қысым көрсетті. Сотқа баламды екі адам сүйреп алып келді" дейді ол.


- Балама жала жабылып отыр. Оның қандай да бір діни тақырыпта материал таратқаны туралы ешбір дәлел жоқ, - деді Нурия Агаева.

Сотталушының әйелі күйеуіне көпе-көрнеу жала жағылғанын айтады. Оның сөзінше, тергеу кезінде тіркелген іс құжаттарында Рафхат Агаев қойды деген қолдың бәрі "жалған".


- Күйеуімді флешкаға діни материал салып, таратты деп айып тағып отыр. Ол теріс дінді насихаттайтын адам емес. Такси айдап, бала-шағасын асырап жүрген қарапайым адам еді. Сотта денсаулығы нашарлағанын, қан құса бастағанын айтты. Тағылған айыпты мойындамады, - дейді Нилюфар Агаева.


Рафхат Агаевтың туыстары аудандық сот шешіміне апелляциялық шағым түсірген.




Қазақстандық адам құқығын қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалының директоры Әділ Сейітқазиевтің айтуынша, бюро Рафхат Агаевты азаптау дерегі бойынша облыстық прокуратураға хат түсірген. Прокуратура бюроға бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарланғаны жөнінде хабар берген.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net