Қазақстан Омбудсмені Томирис Байсафаның өлімін тексеруге қатысты Ресей Уәкілінен көмек сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының Омбудсмені Татьяна Москальковаға қазақстандық Томирис Байсафаның Мәскеуде жұмбақ жағдайда мерт болуы оқиғасын әділ тергеуге көмектесуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
