Дмитрий Бабенко Қазақстан конькишілер құрамасын басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық конькишілер федерациясы спорттың үш түрінен бас бапкерлікке үміткерлер арасынан таңдау жасады. Шорт-тректен - Мәдіғали Қарсыбеков, мәнерлеп сырғанаудан - Құралай Узурова, конькимен жүгіру спортынан - Дмитрий Бабенко бас бапкер болды, деп хабарлайды СИА «SPORTINFORM».
