100 оқулық: Куратконың кітабы қазақ тілді кәсіпкерлік мектебін қалыптастыруда таптырмас құрал - ғылыми редактор
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әйгілі Дональд Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, тәжірибе және процесс» атты кітабын оқысаңыз, кәсіпкерлікке деген таным-түсінігіңіз түбегейлі өзгереді» дейді экономика ғылымдарының кандидаты Гүлнар Күреңкеева. Шынында да, кәсіпкерлік - тар ұғымның аясына сыймайтын күрделі де маңызды сала. Осыны ескерсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде аударылған алғашқы 18 кітаптың қатарына кәсіпкерлік туралы кітаптың енуі де заңды. Дональд Куратконың осынау айтулы еңбегі қазақы қауымға қаншалықты пайдалы? Бұл туралы Алматы Менеджент университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы Гүлнар Күреңкеевадан сұрап білген едік.
