Қазақстандық туристер ассистанс-компаниялардың көмегін пайдаланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда туристерді ассистанс-компаниялар сақтандырады. Бұл туралы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің дөңгелек үстелінде ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.