Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды, кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.