Румынияда коррупцияға қарсы шеру өтті
20 қаңтарда Университет алаңында өткен шеруде демонстранттар мен арнайы қызмет арасында қақтығыс болған. Сот жүйесіне өзгерісті 20 желтоқсанда парламент қабылдап, президентке жолдаған. Президент Клаус Иоаннис заңға әлі қол қойған жоқ.
Transparency International ұйымының есебінше, Румыния Еуропа одағындағы коррупциясы жоғары елдердің басында тұр.
