Қазақстандық велошабандоз Әлем кубогының қола жүлдегері болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық велошабандоз Әлішер Жұмақан Минскіде өтіп жатқан велотректен Әлем кубогының V кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
