Добавить новость
123ru.net
World News
Январь
2018

Литва "Магнитский тізіміндегі" 49 ресейліктің аты-жөнін жариялады

0
Литва ішкі істер министрі Эймутис Мисюнас адам құқықтарын бұзуға және күмәнді қаржыны заңдастыруға қатысы бар 49 ресейлік азаматтың қаңтардың 12-інен бастап Литва жеріне кіруіне тыйым салды. Бұл адамдар Литвада биылғы жыл басында күшіне енген "Магнитский заңы" негізінде "қара тізімге" кіргізілген болатын.


Литва сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, аталған тізім шетелдік әріптестермен жүргізілген кеңесулерден соң жасалған.


Литва президенті Даля Грибаускайте "Магнитский аткісіне" 2017 жылғы қаращшаның 27-і күні қол қойған. Президенттің мәлімдеуінше, бұл құжат "адам құқығын бұзушылар" мен "лас ақшаны" заңдастырумен айналысатындарға қарсы бағытталған. Тізімге алынған шетелдіктер Еуропа одағына, Еуропалық еркін сауда ассоциациясына және НАТО ұйымына мүше мемлекет – Литваға кіре алмайды.


Литва парламент қабылдаған заң негізінде түзілген тізімде Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин, Магнитскийдің ісін жүргізген Ресей ішкі істер министрлігі жанындағы тергеу комитеті жетекшісінің орынбасары генерал-майор Олег Логунов, Магнитский ісі бойынша шешім шығарған судьялар Елена Сташина, Алексей Криворучко, Светлана Ухналева мен Сергей Подопригоров, кезінде Магнитский бюджет қаржысына қатысты ауқымды айла-шарғыларын әшкерелеген Мәскеу қалалық салық инспекциясының басшылығы және басқалар бар.


Литваға дейін "Магнитский заңын" АҚШ, Ұлыбритания, Канада мен Эстония қабылдаған. Осы заң негізінде бекітілген "қара тізімі" де үнемі толықтырылып отырады. Мысалы, 2017 жылғы желтоқсанда АҚШ қаржы министрлігі "Магнитский тізіміне" Ресейдің Шешенстан аймағының басшысы Рамзан Қадыровты, Ресей бас прокурорының ұлы Артем Чайканы және Өзбекстанның тұңғыш президенті марқұм Ислам Каримовтің үлкен қызық Гүлнәра Каримованы енгізген.


"Магнитский заңы" 2009 жылы қарашада Мәскеу абақтысында қаза тапқан Hermitage Capital қорының заңгері, Ресей бюджетінен ірі көлемде қаржы жымқыру айла-шарғысын әшкерелеген Сергей Магнитскийдің құрметіне аталып кеткен. АҚШ Конгресі қабылдап, кейін кеңейтілген заң бойынша Вашингтон "адам құқығын бұзуға қатысы бар" деп білетін ресейліктерге экономикалық санкциялар салу және виза бермеу қарастырылған. Өткен жылы қарашада АҚШ үкіметі "Магнитский актісін" орындауды жалғастыра беретіні туралы мәлімдеген болатын.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net