Пхеньян Сеулге жұмысшы тобы деңгейінде келіссөз өткізуді ұсынған
Министрлік мәлімдемесінде Пхеньянның қысқы Олимпиадаға әртістер тобын жіберу туралы мәселені талқылау үшін қаңтардың 15-і күні Солтүстік Корея аумағында орналасқан Панмунджом елдімекеніндегі Тонгил павильонында жұмысшы деңгейінде келіссөз өткізуді ұсынғаны туралы айтылған.
Оңтүстік Корея министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея қысқы Олимпиада ойындарына қатысатыны туралы жұмысшы деңгейінде тағы бір келіссөз өткізуді ұсынғысы келеді.
Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 5-і мен 25-і аралығында өтеді.
