Президенттің сынын мойындаймыз - вице-министр Жақыпова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысын сынға алды. Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шаралары ойдағыдай жүргізілмейді. Содан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге шегеруге тура келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
