Қазақстанда су жолдары арқылы жүк тасымалдау көлемі артып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы ҚР ішкі су жолдары арқылы 15 млн тонна шамасында жүк тасымалданды. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 16 пайызға артық. Ресеймен екі ортадағы тасымал көлемі 350 тоннаны құрады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
