Төрт дүркін «Тур де Франс» жеңімпазы допинг қолданғаны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Велосипедшілердің халықаралық одағы (UCI) британдық велошабандоз Крис Фрумға 2017 жылғы «Вуэльта» көпкүндігі кезінде тапсырған допинг сынамасында сальбутамол заттегінің допингке қарсы ережелер нормасынан асып кеткенін ескертті. Бұл жайлы ұйымның баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне хабарлады.
