20 жыл бұрын «Халықтың көші-қон туралы» заңы қалай қабылданды - Әкім Ысқақпен сұхбат
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 20 жыл бұрын - 1997 жылдың 13 желтоқсанында әлемнің әр түкпіріне тарыдай шашылған талай қазақтың ата қонысқа оралуына мүмкіндік берген «Халықтың көші-қоны туралы» заңға ҚР Президенті қол қойған болатын. «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы - балама негізде қазақ тілінде дайындалып, қабылданған тұңғыш Заң. Осы айтулы күнге орай, ҚазАқпарат тілшісі «Халықтың көші-қоны туралы» балама заңның авторы, Парламент І шақырылымының депутаты, қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен сұхбаттасқан еді.
