Елорда тұрғындары дәріханалардағы баға бойынша қайда шағымдана алады?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәрі-дәрмек бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты қайда шағымдануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды.
Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз", - деп жазды Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!