Алдардың тууы
Алдардың әкесі Алдан момын адам болыпты.
Оның өмір бойы кәсібі қой бағу екен. Баққан қойы байдікі болған соң:
— Бай, құдай күнімді саған қаратып, қойыңды баққалы отырмын. Беретін ақыңды айтқаның жөн болар еді, — дейді жалданарда.
— Несін сұрайсың, байғұсым... Біздікі деген көл емес пе! Асты жатып ішесің, мал десең айдап кетесің, тек бағуыңды біл. Ар жағын өзіме қоя бер... Құдай бар, мен бар.
Ащы терің жерге төгілсе төгілер, менің дәулетім төгілмес, бардан ауысады, балдан жұғысады, жүзді айдап, бірді жетелейсің, — дейді екен бай оған.
Оның «жатып ішетіні» рас бопт. Жұмыстан шаршаған Алдан басын көтере алмай, асты жатып ішіпті. Уәделі...