Астанада 26 градусқа дейін жылынса, Алматыда жаңбыр жауады: үш күнге арналған болжам
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 3, 4 және 5 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, елордада күн біртіндеп +26 градусқа дейін жылынады деп күтіледі, жауын-шашын болжанбайды. Алматыда күн салқындау болып, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Астанадағы ауа райы
3 қыркүйек көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +20...+22 градус жылы.
4 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +23...+25 градус жылы.
5 қыркүйек көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +24...+26 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы
3 қыркүйек көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +21...+23 градус жылы.
4-5 қыркүйек көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +22...+24 градус жылы.
Қазақстанда қайтадан аптап болады
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы соңғы салқындаудан кейін күн біртіндеп жылынатынын хабарлаған болатын. Таяу күндері елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен құрғақ және ашық болады, ал күндізгі температура кей жерлерде +33 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
