ТМД Сыртқы істер министрлері Алматыда кездеседі
МИНСК. БЕЛТА - ҚазАқпарат – ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысы 2020 жылы 3 сәуірде Алматыда өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.