Түркістанда «WorldSkills TURKESTAN - 2019» облыстық чемпионаты басталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «WorldSkills TURKESTAN - 2019» облыстық чемпионаты басталды. Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға 47 колледжден 233 студент қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.