Қазақстанда мешіт құрылысына қатысты талаптар өзгеруі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мешіт құрылысы кезінде халық санын ескеру тәртібі енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.