Үндістандағы қалың қар: 45 адам із-түссіз жоғалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы жаңбырға ұласқан. Салдарынан кем дегенде 45 адам, соның ішінде Рурки қаласындағы технологиялық институттың 35 студенті із-түссіз жоғалған.