123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2018

Ақтөбе облысында автобус өртінен кейін билік "бақылауды күшейтті"

0
Ақтөбе облысында автобус өртінен кейін билік

Ақтөбе облысында 18 қаңтарда 52 адамның қазасына себеп болған автобустағы өрт оқиғасынан кейін аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев "тұрақты негізде жолаушы тасымалдайтын көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруді" және "жолдағы бақылауды күшейтуді" тапсырды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Сапарбаев қарамағындағыларға облыс аумағы арқылы халықаралық көлік қатынасы өтетінін ескертіп, қайғылы оқиғаның қайталанбауы үшін күш-жігер жұмсауға шақырған.

"Мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін болашақта көлік бақылау инспекциясы, жергілікті полиция қызметі көлік прокуратурасымен бірлесіп бұл бағытта жұмысты күшейтуі керек. Біздегі қалааралық және халықаралық бағыттарда тасымал қызметін көрсететін барлық автобустарды тексеру керек" деген әкім. Сонымен бірге ол осы аптада автобустағы өрт оқиғасына байланысты атқарған жұмыстары үшін жедел қызметтерге, дәрігерлер мен полицияға алғыс білдірген.

Қаңтардың 18-і күні таңертеңгі сағат 10:30 шамасында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент - Самара тасжолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының мәліметінше, Шымкенттен шығып Ресейдің Қазан қаласына бара жатқан автобуста болған 57 адамның 52-і қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Тірі қалған бес адам – үш қазақстандық және екі Өзбекстан азаматын санавиациямен Ақтөбе ауруханасына жеткізген, дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ деп хабарлаған.

Биліктің хабарлауынша, қазақстандық тіркеу нөмері бар автобустың иесі көлікті міндетті техникалық бақылаудан мерзімінде өткізбеген және тұрақты жолаушы тасымалдауға рұқсат беретін лицензиясы болмаған.

Құрамына Қазақстанның бірнеше министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігі өкілдері кірген үкімет комиссиясы толық жанып кеткен автобустың ішінде мерт болғандардың қатты күйіп қалғандығы себепті оларды анықтау үшін геномдық сараптама жүргізу қажет екені туралы хабарлаған.

ВИДЕО: Автобустағы өрттен қаза болғандарды Ақтөбеге жеткізді

Ақтөбе облыстық әкімдігі 19 қаңтар күні кешке апат құрбандарының сүйектерін Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы ұшағы Ташкентке алып кеткені туралы хабарлаған.

Жұма күні Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиға – "өртке салғырт қараудың" салдары деген негізгі болжам жасалып отырғаны туралы хабарлаған. Тергеушілердің жорамалы бойынша, аязды күні қозғалтқышы істемей қалған автобус салонын жылыту үшін дәнекерлеуші шам жағып пайдаланған. "Автобус ішінде төгілген жанармайдан тұтанған жалын лезде бүкіл салонды отқа орап, бас-аяғы бес минуттың ішінде көп адам мерт болған" деген вице-министр.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин рассказал, как Москва помогает производителям оборудования


Спорт в России и мире
Москва

Федерация бокса России на ВДНХ


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
WTA

Виктория Азаренко вышла в полуфинал турнира WTA-1000 в Майами


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Выпуск ЦФА на платформе «Атомайз» поможет снизить нагрузку на экологию





Путин в России и мире
Москва

Мособлдума выступила за присвоение Красноармейску высокого звания


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Ru24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Киев признал стагнацию ВСУ по всей линии фронта


Навальный в России и мире
Москва

СМИ: Байден и Шольц не успели предложить Москве обменять Навального



Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Моргенштерн

На Моргенштерна завели три новых дела



Москва

«Аэродорсервис» купил бизнес-центр в Петербурге

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net