ОҚО-дағы кәсіпкерлікті дамытуда жаңа бағыттарға басымдық беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы өндіріс ошақтарын көбейтіп, барлық салада қайта өңдеу ісін жандандыруы қажет. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалану аса маңызды болмақ. Сондай-ақ, өңірімізге келетін импорт ағынын азайтып, экспорт көлемін арттыруға күш салуға тиіспіз. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өткен жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.