Добавить новость
123ru.net
World News
Декабрь
2018

ВВС: Қазақстан әлеуметтік желіні бақылайтын жүйеге тапсырыс берген

0
Digital Revolution тобының хакерлері Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне (немесе ФСБ) қарасты "Квант" ғылыми-зерттеу институтының серверіне бұзып кіргенін мәлімдеп, одан ұрланған мәліметтерін жариялады. Хакерлер жария еткен құжаттарда қоғамдағы наразылық көңіл-күйді анықтап, талдау жасау үшін әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу жүйесін дайындау жайы баяндалады. Digital Revolution "Квант" институты мұндай жүйені қосалқы мердігер ретінде Қазақстанда жүзеге асырып жатқанын айтады. BBC-дің Орыс қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрлігі бұл жүйеге 4,3 миллион доллар бөлген.


Хакерлер серверді бұзғанының дәлелі ретінде "Квант" серверіндегі әкімшілер тізімі мен папкалар атауы көрінетін скриншоттарын жариялады. Олар бұдан өзге ұйымның ресми сайтының кодын өзгерткен. Сайтқа кіргенде біраз уақыт Digital Revolution тобының символы шығып тұрады. Қазір "Квант" сервері сайтымен және корпоративтік пошталарымен бірге өшіп тұр.


"Квант" жасап шығарған интернеттегі қоғамдық пікірді бақылау жүйесі танымал әлеуметтік желілер - "ВКонтакте", Facebook, "Одноклассники" және Instagram-дағы жазбалардың мазмұнына автоматты түрде талдау жасайтын, өзін-өзі даярлайтын нейрон желілерін қолданады. Жүйені сынақтан өткізгенде кілт сөз ретінде оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың аты-жөні келтіріледі. Хакерлер жариялаған құжаттарға қарағанда, "Квант" әлеуметтік желілердің біріндегі "Путин, уходи" тобын бақылай алады.


Мәскеудің Ховрино ауданында орналасқан "квант" жабық институты 1970 жылдары алғашқы советтік ЭВМ-дерді жасаған. Институт 2008 жылы ФСБ қарауына өткен. WikiLeaks-тің мәліметінше, ғылыми-зерттеу институты италиялық Hacking Team компаниясы клиенттерінің бірі болған. Forbes журналының дерегіне қарағанда, 2012-2014 жылдары "Квант" италиялық компаниядан тыңшылық жасайтын бірнеше бағдарлама алған болуы мүмкін. Олардың арасында байланыс құрылғысының іс-қимылын бақылай алатын, нақты айтқанда экраннан скриншот түсіріп, веб-камера мен микрофонға қосыла алатын және жазбалар мен құпия сөздерді жазып алатын "Қашықтан бақылау жүйесі" бар.


2018 жылы АҚШ "Квант" институтына санкция салған. АҚШ билігі "Кванттың" президент сайлауы қарсаңында жасалған хакерлік шабуылдарға қатысы болуы мүмкін деп санайды.


2018 жылы Digital Revolution тобы "интернетті түрмеге айналдырғандар" - Ресей құқық қорғау органдары мен арнайы қызметі және Роскомнадзор мекемесін жазалауға уәде берген.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net