13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыста, солтүстікте және шығыста көбіне қар түрінде жауын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.